29.01.2022, 11:00
Оқылды: 50

Коронавирус: Батыс Қазақстанда инфекциялық стационарлар саны 13-ке жетті

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирустың өршуіне байланысты инфекциялық төсек-орын 619-дан 751-ге дейін ұлғайтылып, стационар саны 13-ке жетті.

210812135843243a3823161i

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықовтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Бәйтерек аудандық ауруханасында 30 төсектік, облыстық перинаталдық орталықта КВИ жұқтырған босанатын әйелдер үшін 20 төсектік және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында балаларға арналған 80 төсектік бөлімше жаңадан ашылды.

Оның айтуынша, қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 310 науқас ем алып жатыр, ауруханалар 41,3 пайызға толған.

Соның ішінде 76 төсектік жансақтау бөлімшесінде 18 науқас (23,7 пайыз) ауыр халде. «Пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырған 45 792 адамның 39 889 жазылып шықты. Соның 15 572-сі стационарлық, 24 317-сі амбулаторлық ем алды. Індет басталғаннан бері 859 науқас көз жұмды. Облыста жағдай тұрақсыз болып отыр. Күн сайын індет жұқтырғандар саны өсе түсуде», деді А.Балықов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5 мыңнан аса адамның амбулаторлық ем алып жатырғанын, сондай-ақ 431 оқушы, 178 мұғалімнен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале