15.03.2022, 12:30
Оқылды: 38

Коронавирус: Батыс Қазақстанда бір күнде 200-ден астам адам жазылып шықты

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 12 науқас амбулаторлық ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, қазіргі таңда 511 төсектік 12 инфекциялық стационарда 5 адам емделуде.

Ауруханалар 1 пайызға толған.

Жансақтау бөлімшесіндегі 3 науқастың екеуі аса ауыр, біреуі ауыр халде. Бұлардың екеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, біреуі инвазивті емес осындай құрылғыға қосылған.

Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан көз жұмды. Соңғы аптада қайтқандар тіркелген жоқ.

Пандемия басталғаннан бері барлығы 49 646, соның ішінде биыл 9 573 науқас тіркелді.

Соңғы тәулікте 3 адамнан індет табылса, 214 науқас жазылып шықты.

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, осы кезге дейін 273 375 адам (егілуге жататын тұрғындардың 66 пайызы) індетке қарсы вакцинаның бірінші, 261 910-я (63,2 пайызы) екінші компонентімен егілді.

Сондай-ақ 68 294 адам ревакцинациядан өтті.

Pfizer компаниясының вакцинасын 10 712 адам қабылдаса, соның 5 545-і – жасөспірімдер, 407-сі – жүкті, 4 751-і – бала емізетін әйелдер, 9-ы – мүгедектер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 68 мыңнан астам адамның ревакцинациядан өткенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале