11.05.2022, 16:30
Оқылды: 56

Батыс Қазақстанда ауыл мектебін су басты

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында жаңбырдан кейін мектепті су басып қалды. БҚО білім басқармасының мәліметінше, мекеме ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

a9204fe068c74f46a3f483381f506a0e

Instagram public zhaloby_uralsk_official парақшасында жарияланған ақпаратқа сай, Ы.Алтынсарин атындағы мектепті толассыз жауған жаңбырдан кейін су басқан.

Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабиров «Мой город» порталына мәлім еткендей, хабарлама 10 мамырда түскен. Су басқан жер мектептің бас ғимараты емес, спорт залы мен асхана орналасқан кеңейтілген ғимараты болып шықты.

Мектеп 1987 жылы салынған, 624 оқушыға есептелген. Салынған жылдан бастап, менің мәліметім бойынша, күрделі жөндеу жүргізілмеген. Былтыр жөнделуі керек еді, бірақ сот процестеріне байланысты жұмысты уақытында бастау мүмкін болмады. Бөлінген ақшаны бюджетке қайтару керек болды.

Ақжайық аудандық білім бөлімі басшысының айтуынша, биыл «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 350 миллион теңге бөлінді, қалған қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біржан Сабиров балалар су басу қаупі жоқ бас ғимаратта оқиды деп сендірді. Оның айтуынша, жөндеу шамамен бес айға созылады.

Мердігерлер жөндеуді бітіріп үлгермесе, балаларды қаңырап бос тұрған төрт қабатты колледж ғимаратында оқыту жоспарланып отыр. Облыстық білім басқармасы орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететінін хабарлады.

Қазір аудандық білім бөлімі мен «Тасқала Транс Газ» ЖШС серіктестігі арасында құрылыс-монтаж жүргізуге келісім-шарт жасалды. Күрделі жөнде осы айда басталады деп жоспарланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале