Бүгін қазақстандықтар Конституцияның 33 бабына түзетулер енгізу туралы республикалық референдумда дауыс береді.
Таңғы сағат 7.00-де Теректі ауылындағы №385 сайлау учаскесінде Мемлекеттік әнұран ойнатылып, сайлау салтанатты түрде ашылды.
Федоровка №1 ЖОББМ-де орналасқан сайлау комиссиясының төрағасы Ерлан Хамитұлының айтуынша, алғаш болып полиция аға лейтенанты Нұрхат Досқалиев өз таңдауын жасады. Сондай-ақ аудан әкімі Тілек Габдушев отбасымен келіп, комиссия мүшелеріне сәттілік тілеп, дауыс берді.
Айта кету керек, аудандағы №385 сайлау учаскесінде 1 412 тұрғын өз таңдауын жасамақ. Дәл қазіргі уақытта дауыс беру саны 30-дан асқан. Келушілер белсенді. Үйден дауыс берушілердің саны 12 адамды құрайды.
Балнұр Қуанышқызы
Теректі ауданы
zhaikpress.kz