12.08.2022, 13:59
Оқылды: 37

Қоқыс полигонын салуға инвестор қажет

Бұдан бұрын жазғанымыздай Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, сауалына жауап берген еді. Біз де өз тарапымыздан "Қоқыс мәселесі тек біздің қаламыздың емес, әлемнің алдында тұрған мәселе. Қоқыс полигонын көшіру өте қымбатқа түсетін іс екені белгілі. Десек те, қаламыздағы қоқыс полигоны жақын уақытта өзге аймаққа көшіріле ме?" деген сауалды жолдаған едік.

0c2f6fe8-bb33-4490-99e3-4ddc9d25d307

- Оралдағы қоқыс полигоны әрі кетсе соңғы екі жылда толады. Біріншіден, бізге қоқыс полигонын шұғыл түрде рекультивация жасау қажет. Екіншіден қоқыс полигонына арналған жаңа орын керек. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлейміз. Бірақ алдымен осы мақсатқа қомақты қаражат салатын инвестор қажет. Ал рекультивацияның жобасы дайын. Қазіргі уақытта сараптамадан өтуде. Жылдың соңына дейін нәтижесі шығады. Байқасаңыз қоқыс полигоны екі жылдан бері өртенген жоқ. Алайда, бір күні тұтанып кетуі әбден мүмкін,-деп жауап берді, шаһар басшысы.

Ал «Рекультивациядан соң қоқыс полигоны бұрынғы орнында қала ма немесе жаңа орынға көшіріле ме?» деген сауалға қала басшысы да бас қатырып жүр екен. Өйткені әкім мырзаның өзі айтқандай, бұл сұрақтың нақты шешімі әлі табылмаған. Нәтижесі рекультивацияның сараптамасынан кейін белгілі болмақ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале