13.09.2022, 20:59
Оқылды: 386

«UralskFashionWeek» сән көрсетілімі басталды

Оралда Қала күніне орай шаралар күнде өтуде. Дәл қазір Хадиша Бөкеева атындағы театрда халыаралық дәстүрлі «UralskFashionWeek» сән көрсетілімі басталды.

IMG-20220913-WA0074

2017 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шараның бас ұйымдастырушысы - «GS Production» сән және кино мектебінің директоры Гүлназ Смаилова.

IMG-20220913-WA0075

– Ақтау, Атырау және Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласынан келген және оралдық дизайнерлер өз коллекцияларын ұсынуда. Көрсетілімде барлығы 80 модель, 6 дизайнер өнерлерін ортаға салады. Биылғы көрсетілімнің ерекшелігі Түркияның Каппадокия, Ыстамбұл, Мардин және Нидерландының Амстердам қаласындағы «Fashion Week» көрсетілімдерінің директоры Айдын Ачык арнайы қатысуда. Үздік екі дизайнерді таңдап, Ыстамбұл мен Каппадокияда өтетін көрсетілімге жолдама береді,- дейді Гүлназ Нұрбергенқызы.

Кештегі шетелдік қонақпен де тілдестік.

- Қазақстанның сән әлеміндегі стиль мүлде басқа. Еуропада заманауи стиль болса, сіздің мемлекетте этно стильге басымдық берілген. Бұл мені қатты қызықтырды. Сондықтан бүгінгі көрсетілімнен соң екі үздік дизайнерді таңдап алып, желтоқсанда Ыстамбұлда, келесі жылы шілде айында Кападокияда өтетін сән көрсетіліміне қатысуға мүмкіндік бергім келеді, - деді Айдын Ачык.

IMG-20220913-WA0076

Киім шеберлерінің арасында оралдық «Guli Fashion»-ның негізін қалаушы Гүлім Енсегенова, «Bota Collection»-ның иесі Бота Адиетова, «Brand by Zhamilya»-ның негізін қалашуы Жамила Өтепқалиева бар.

38AA9BFB-84DF-4123-89BA-AA7F692A8FB8

Шарада көрме ұйымдастырылып жергілікті дизайнерлердің киімдері мен бұйымдары,  қолдан жасалған өнімдері ұсынылды.

Динара Насыр,
Сурет: Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале