Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, инфекцияның таралу қаупін азайту үшін Шыңжаңнан келетін жолаушылар пойыздарының қозғалысын тоқтату шешімі қабылданды. Осындай шара алыс маршруттарға қатынайтын жолаушылар автобустарына қатысты қабылданды, олар енді ШҰАӨ-ден Қытайдың басқа провинцияларына бара алмайды. Автономиялық өлкеден авиарейстер жолаушылар саны 75% аспаған жағдайда жүзеге асырылады.
Сәрсенбі, 5 қазан күні Үрімжі әуежайы күндізгі рейстердің 97% тоқтатты, бар болғаны 10 рейс жіберіліп-қабылданған.
Басылымның атап өтуінше, індетке қатысты Шыңжаңдағы жағдай күрделі болып отыр. Вирустың өршуі Қытайдың өзге 15 провинциясы мен мегаполистеріне, соның ішінде Бейжің мен Шанхайға да әсер етуде.