6.10.2022, 16:30
Оқылды: 80

Шыңжаңда коронавирустың өршуінен пойыз қозғалысы тоқтады

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (ШҰАӨ) шілде айының соңынан коронавирус індетінің өршуінен жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат меншікті тілшісі Global Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

221006071256634e
 Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесіне сәйкес, инфекцияның таралу қаупін азайту үшін Шыңжаңнан келетін жолаушылар пойыздарының қозғалысын тоқтату шешімі қабылданды. Осындай шара алыс маршруттарға қатынайтын жолаушылар автобустарына қатысты қабылданды, олар енді ШҰАӨ-ден Қытайдың басқа провинцияларына бара алмайды. Автономиялық өлкеден авиарейстер жолаушылар саны 75% аспаған жағдайда жүзеге асырылады.

Сәрсенбі, 5 қазан күні Үрімжі әуежайы күндізгі рейстердің 97% тоқтатты, бар болғаны 10 рейс жіберіліп-қабылданған.

Басылымның атап өтуінше, індетке қатысты Шыңжаңдағы жағдай күрделі болып отыр. Вирустың өршуі Қытайдың өзге 15 провинциясы мен мегаполистеріне, соның ішінде Бейжің мен Шанхайға да әсер етуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале