Оралдағы Зачаган кентіндегі аудандарда абаттандыру және жарықтандыру жобалары жүзеге асырылуда, - деп хабарлады Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жоба аясында М.Мөңкеұлы көшесіндегі 105, 108/4, 83/2, 81 және Қамбар батыр көшесіндегі 6-шы мен 8-ші үйдің аулалары абаттандырылса, М.Мөңкеұлындағы 91, 93, 95-ші үйдің кіреберіс жолдары жөнделген.
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» тапсырысымен жүзеге асып жатқан жұмыстың мердігері - «Наурыз СПК» ЖШС.
Жұмыс барысында 7 261 шақырым көше жарықтандырылып, жылу құбыры да ауыстырылған.
Зачаган кентіндегі шағын аудандарда арық жүйесі де салынуда. Көктемде ауласы суға толып, адам өте алмайтындай батпаққа айналатын көшенің ажары кірмек.
Арықтың ұзындығы - 1 908 метр. Жоба аясында тағы 9784,9 шаршы метр жерге көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.
Мердігерлер арық салу жұмысын қазанның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
zhaikpress.kz