18.10.2022, 17:00
Оқылды: 118

Оралдағы шағын ауданда арық салынуда

Оралдағы Зачаган кентіндегі аудандарда абаттандыру және жарықтандыру жобалары жүзеге асырылуда, - деп хабарлады Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

акимат (4)

Жоба аясында М.Мөңкеұлы көшесіндегі 105, 108/4, 83/2, 81 және Қамбар батыр көшесіндегі 6-шы мен 8-ші үйдің аулалары абаттандырылса, М.Мөңкеұлындағы  91, 93, 95-ші үйдің кіреберіс жолдары жөнделген.

акимат иншот (2)

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» тапсырысымен жүзеге асып жатқан жұмыстың мердігері - «Наурыз СПК» ЖШС.

акимат (2)

Жұмыс барысында 7 261 шақырым көше жарықтандырылып, жылу құбыры да ауыстырылған.

Зачаган кентіндегі шағын аудандарда арық жүйесі де салынуда. Көктемде ауласы суға толып, адам өте алмайтындай батпаққа айналатын көшенің ажары кірмек.

Арықтың ұзындығы - 1 908 метр. Жоба аясында тағы 9784,9 шаршы метр жерге көгалдандыру жұмысы жүргізіледі.

ae8172b8-b818-496d-9b11-72a34f8fcc4c

Мердігерлер арық салу жұмысын қазанның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале