Дәл осындай атаумен жақында Тасқала ауданындағы Мерей ауылында ата мен немерелер сайысы өтті.
Ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында өткен іс-шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Байқауда қатысушылар бата беру, қамшы өру, асық атудан бақ сынады.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған байқауға ауыл тұрғындары белсене қатысты. Ата мен немере арасындағы әдемі қарым-қатынасты, ұрпақтар сабақтастығын көпшілікке үлгі еткен іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Байқау қорытындысында Шежін ауылынан Мырзағалиевтер отбасы бірінші, Тасқала ауылынан Үмбеталиевтер отбасы екінші, Амангелді ауылынан келген Ақжігітовтар отбасы үшінші орын иеленді.
Гүлжамал Кенжеғалиева,
zhaikpress.kz