Бүгін Орал қаласының көрме залында БҚО Атамекен іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін хризантема мультифлора коллекциясы көрсетілімінің ашылуы өтті.
Көрмеге хризантема гүлінің 150 түрі қойылған. Елімізде сирек кездесетін гүлдердің коллекциялық жыл сайынғы көрмесін гүл өсіруші Валентина Горбунова өткізіп келеді.
Коллекция иесінің сөзінше, хризантема өсіру бастапқыда жеке хоббиден бастау алған. Кейін гүлдің дәл осы түрін көбейтіп, жұртшылыққа ұсынуды жолға қояды.
Қала ішінде сирек ұйымдастырылатын әдемілік көрмесін тамашалауға келушілердің қарасы қалың.
Жалпы хризантема, қазақша «бақытгүл» атауымен танымал гүл түрінің Еуропа, Азия, Африка елдерінде 200-дей түрі өсіріледі. Сонымен қатар хризантема гүлі Қытай мен Жапония елдерінде үлкен танымалдылыққа ие.
Айта кетейік, көрме бүгін кешкі сағат 17.00-ге дейін жалғасады.
Гүлмира Сәрсенғалиева,
Суреттерді түсірген автор
zhaikpress.kz