Орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылатын болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», делінген хабарламада.
Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.
@zhaikpress_kz