Орталық және жергілікті органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құрылатын болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеру үшін комиссия құруды тапсырды», делінген хабарламада.
Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғары аудиторлық палатаның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысты он күн ішінде нақты қорытындылармен және ұсыныстармен аяқтауды тапсырды.
@zhaikpress_kz
9:455.01.2023
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн жалдамалы жұмыскердің кірісіне әсер етті
10:1515.12.2022
Жылыту маусымында жұмыс қауырт
15:3012.12.2022
Тоқаев: Келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін
12:0012.12.2022
Жұрт шетелдік көліктерді қалай заңдастыратынын білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр - Тоқаев
15.12.2022, 10:15
12.12.2022, 15:30