Бүгін шамамен сағат 09:25-те Бәйтерек ауданына қарасты Горбунов ауылында газ құбырындағы апат салдарынан көгілдір отын беру тоқтатылды.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдағы 31 абонент газсыз қалды. Апаттың себебі анықталуда.
Газ құбыры «Алия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі.
Дәл қазір газ беруді қалпына келтіру жұмыстарына «Алия сервис» ЖШС-нің 4 қызметкері және 1 бірлік техника мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-тың 4 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды.
zhaikpress.kz