Бүгін Орал қаласы ақпараттық-талдау жəне жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Еңбек ет те, өрге жет» атты арнайы бағыттар бойынша бос жұмыс орындары жəрмеңкесі өтті.
Биыл алғаш ұйымдастырылған жəрмеңкенің өткен жылғы жиындардан басты ерекшелігі – тек бір саланы қамтуы болды.
Орал қалалық ресурстық орталығының хабарлауынша, мейрамханаға келушілерге қызмет көрсету бағытын қамтыған жəрмеңкеге 20-ға тарта жұмыс берушілер қатысып, жұмыссыз жастарға 60-тан астам бос қызмет түрін ұсынды.
Іс-шараға жалпы саны 300-ге тарта қала жастары, оқу орнын бітіруші түлектер қатысты.
Айына екі бағытты қамтуға жоспарланған шараның кезекті санында құқық қорғау органдары мамандықтары бойынша жұмыс іздеушілерге қызмет көрсетілмек.