Ерлігімен де, еңбегімен де құрметке бөленген жерлесіміз, соғыс және еңбек ардагері Иван Степанович Гапич 100 жасқа толды. Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында ардагердің ғасырлық мерейтойына орай салтанатты шара өтуде.
Шараға облыс әкімі, Бас прокуратураның өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері, облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлері, құқық қорғау өкілдері, майдангердің туыстары мен достары қатысуда.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерді жерлестері атынан 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
«Бүгін ерекше және тарихи күн. Ортамыздағы қонағымыз, батырымыз, біздің ардагеріміз, осы салтанатты шараның басты кейіпкері – Иван Степанович 100 жасқа толып отыр. Иван Степанович, сізді ғасырлық мерейтойыңызбен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеймін», - деді өз құттықтауында өңір басшысы.
Салтанатты шара майдангердің мерейтойына келген қонақтардың құттықтауларымен жалғасуда.
Гүлмира Сәрсенғали,
zhaikpress.kz