28.02.2023, 11:45
Оқылды: 16

Сын-ескертпелерге атүсті қарамайық!

«Медет» қоғамдық қоры қала және аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырып, түйткілді мәселелерді талқылап, билік пен көпшілік арасына көпір орнатып жүр. Жуырда қор инспекторлары қаламыздағы базарлар, сауда орындары және басқа да кәсіп нысандары орналасқан аумақтарда рейд жүргізіп, абаттандыру жұмыстары қаншалықты атқарылып жатқанын анықтады.

E9BA7C64-BB56-4D4B-ADEF-C932905A22AD

Әбілқайыр хан даңғылының бойында «Жеңіс», «Аяжан» базары және көп дүкендер бар. Күніне бұл жерден Орал қаласы тұрғындарының төрттен бір бөлігі жүріп өтетіндіктен, инспекторлар осы аумаққа баса назар аударды. Медицина мамандарының мәлімдеуінше, жыл басталғалы көктайғақтың кесірінен 800-ге жуық тұрғын зардап шеккен.

Бірнеше жыл бұрын қабылданған қаланы абаттандыру ережесіне сәйкес, ғимарат иесі меншік нысанынан 6 метрге дейінгі аралықты және тротуарды ұдайы қадағалап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Қыс мезгілінде олар қар мен қоқысты, мұзды тазалауы тиіс. Тексеріс барысында көптеген дүкен, дәмхана және базар иелері бұл мәселеден мүлде бейхабар екенін байқадық. Инспекторлар ережелерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, олардың тұтынушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін ескертті. Кәсіпкерлер де түсіністік танытып, нысанның іргелес аумағын уақтылы ретке келтіретінін жеткізді.

1795A113-DC40-47C9-BCD5-3EF1CBDF230D

Әдеттегідей, «Аяжан», «Покупайка» және басқа да базарлардың маңында күндіз тұрғындар көп шоғырланады. Осы нысандарда тұтынушылар қалағанын сатып алып, оған саудагерлер марқайып, қызу жұмыс жүріп жатады. Бұл ғимараттарда түрлі тауарлар ұсынатын жүздеген сауда орны бар. Базар әкімшілігіне ережені сақтау қажеттігі туралы хабарлама берілді. Олар сауда нысанына іргелес аумақтың тазалығына жауапты қызметкерге мұзды жақсылап тазалауды тапсырып, ескертулерден қорытынды шығаратынын айтты.

Инспекторлар айтылған ескертулер бойынша қанша уақыт ішінде жұмыстануы керек екенін де тілге тиек етті. Сонымен қатар базар әкімшілігінің бұдан былай сауда нысанына іргелес аумақтағы көлік жүретін жолдар мен аутотұрақтардың тазалығына да зер салатынына сенім білдірді. Айта кетейік, бұл аумақтағы тротуарлар мұздан тазартылғанмен, аутотұрақтың жағдайы мәз емес. Аутотұрақтағы мұз көлік шанағына зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан сын-ескертпелерге атүсті қарамау қажет. Қала орталығындағы нысандарға да рейд жүргізілді. Кәсіпкерлерге тұтынушылар алдындағы міндеттері, қаланы абаттандыру ережелері түсіндірілді.

20D42684-0D04-489A-9F54-9494D7ADD266

Жалпы 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Медет» қоры қоғамдағы өзекті мәселелерді зерттеп, оның шешімін табуға тырысады. Тұрғындар қала ішіндегі аулаларды абаттандырып, тұрғын үйлерге жөндеу жүргізіп, инженерлік желілерді жаңарту керектігін мәселе қылып көтеруде. «Медеттіктер» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы проблемаларды ретке келтіру үшін ПИК (пәтер иелері кооперативі) және МИҚ (мүлік иелері қоғамы) құруға байланысты тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Соның нәтижесінде көптеген мәселелер анықталды. Алдағы уақытта қаланың шеткі аумақтарына және облыс орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерге ерекше көңіл бөлінетін болады.  

«Медеттіктер» маңызды мәселелерді жергілікті атқарушы құрылым өкілдерінің назарына ұсынуды жалғастыра береді. Қор жұмысының тағы бір бағыты – қолдауды қажет ететін әлеуметтік осал отбасыларды анықтау. Біраз мәселе облыс және қала әкімдігі өкілдері, белсенді кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен шешімін табуда. Аудандарда өткізілген басқосуларда ауыл шаруашылығы өндірісін сумен қамтамасыз ету, жер телімін алу, заманауи технологиялар мен баламалы энергия көздерін енгізуге субсидия бөлу, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, волонтерлік қызметті дамыту секілді мәселелер жиі көтеріледі.

204378D1-9E9F-4E44-A337-D24919377FC8
Жақында «Медет» қорының құрамы жаңарып, түрлі құрылымдарда басшылық қызмет атқарған, ұйымдастырушылық қабілеті бар, тә
жірибелі мамандармен толықты. Олардың бәрі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы аспектілермен, азаматтардың өтініштерін қарау тәртібімен таныс және әкімдіктерге өтінішті дұрыс жолдауды, мәселелерді шешуде қандай мамандарға жүгіну керектігін біледі.

«Медет» қоры бүгінде облыстың, қаланың тыныс-тіршілігіне етене араласып жүр. Тұрғындардың жанай-қайына құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізе алатынын сөзбен емес, іспен дәлелдеп келеді.

Светлана Имашева

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале