Талдықорғанда грек-рим күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ел чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймағынан келген 350-ге жуық палуан арасында өңір боз кілем шеберлері де бой көрсетті.
Жарыстың алғашқы күні 15 жасқа дейінгі жасқөспірімжер ел біріншілігінің жүлделерін сарапқа салды. Аталмыш бәсекеде 68 келі салмақ дәрежесінде шеберлік байқасқан Әлихан Кушев қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Талдықорған боз кілемінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсеткен Айбат Рахым күміс медаль иегері атанды.
Ол 55 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Одан бөлек жастар арасындағы жарыста Дәулет Фрунзиев 60 келі салмақта, Жарман Исмағұл 77 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Қырғыз елінде өткен есту қабілеті төмен спортшылар арасында сурдодзюдодан Азия чемпионаты өтті. Бұл бәсекеде ел атынан батысқазақстандық Анастасия Тимошенкова бақ сынады.
63 келі салмақта белдескен Настя сары құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды. Теміржан Хасанғалиев пен Арман Байеновтің қол астында жаттығатын сурдодзюдошымыз әлі талай жарыста жүлде салады деген үміттеміз.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz