6.03.2023, 12:00
Оқылды: 120

Батысқазақстандықтар жүлдеге ие болды

Талдықорғанда грек-рим күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ел чемпионаты өтті. Еліміздің барлық аймағынан келген 350-ге жуық палуан арасында өңір боз кілем шеберлері де бой көрсетті.

4a302259-ec44-4a74-b48e-8e09e7141d46

Жарыстың алғашқы күні 15 жасқа дейінгі жасқөспірімжер ел біріншілігінің жүлделерін сарапқа салды.  Аталмыш бәсекеде 68 келі салмақ дәрежесінде шеберлік байқасқан Әлихан Кушев қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Талдықорған боз кілемінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсеткен Айбат Рахым күміс медаль иегері атанды.

b61da8ca-521d-4443-b8c9-d7f6ad4863a6

Ол 55 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Одан бөлек жастар арасындағы жарыста Дәулет Фрунзиев 60 келі салмақта, Жарман Исмағұл 77 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.

b70f6e52-45cf-479c-8105-e4fb97b8e438

Қырғыз елінде өткен есту қабілеті төмен спортшылар арасында сурдодзюдодан Азия чемпионаты өтті. Бұл бәсекеде ел атынан батысқазақстандық Анастасия Тимошенкова бақ сынады.

тимошенкова

63 келі салмақта белдескен Настя сары құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды. Теміржан Хасанғалиев пен Арман Байеновтің қол астында жаттығатын сурдодзюдошымыз әлі талай жарыста жүлде салады деген үміттеміз.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале