7.03.2023, 12:01
Оқылды: 22

Балуан қыздар бабында

Талдықорған қаласында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен ел чемпионаты әйелдер күресіне ұласты. Алдымен боз кілемге 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шықты.

ed7fbaaf-a822-4016-86dc-768ce78d0223

Аталмыш жарыста БҚО командасы жақсы өнер көрсетті.

Алғаш болып жарысты бастаған жеңіл салмақтағы қыздар балуандар бәсекесінде Жанаргүл Аманғали қарсыластарын қоғадай жапырып, 33 келі салмақта ел чемпионы атанса, 50 келі тартатын қыздар жарысының сәнін кіргізген Фатима Абдрахманова да командалас құрбысының жетістігін қайталап, алтыннан алқа тақты.

9a5a9dd3-f0fd-48a2-900d-24e8ac00ecac

Одан бөлек 66 келіде белдескен Ұлпан Ихсанова да ел чемпионы атағына қол жеткізсе, 58 келіде боз кілемге шыққан Айару Жасталап, күміспен күптелді.

Осылайша облыс командасы жалпы есепте үшінші орынға ие болды.

         Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале