6.04.2023, 20:16
Оқылды: 168

Жаңа жинақ оқырманға жол тартты

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Қыдыр Абдрахмановтың «Өмір мектебі» атты кітабының таныстырылымы өтті.

339758075_173704435535738_189956355021741044_n

339140162_1645724662507301_7960315563976344040_n

340437527_910528116883404_3496520072528621893_n

Ең әуелі облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қуанышбек Мұқанғалиев кеш иесіне шығармашылық табыстар тілеп, басқарма басшысы Сайран Дүйсеновтің алғыс хатын табыс етті.

340101784_613971263598002_1907468375587661608_n

Іс-шара барысында Қыдыр Харесұлы «Өмір мектебі» атты кітабы жөнінде аз-кем ақпарат айтып, өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар кеш ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

340082874_189334803875300_20892564898626247_n

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зейнолла Мүтиев жаңа жинаққа жан-жақты талдау жасады. Содан соң Зейнолла Жақсылықұлының шәкірттері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінің студенттері, Орал қаласында орналасқан Д. Қонаев атындағы №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның оқушылары, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ардақ Жангелдіқызы ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

340074630_247616521033861_8844755497084723573_n

Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева ақынға амандық-саулық тілеп, Казталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашевтің атынан алғыс хат және естелік сыйлық ұсынды. Казталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рақымғалиев облыстық мәслихат депутаты Самат Хасановтың Қыдыр Харесұлына тұлпар тарту еткенін хабарлады. Белгілі журналист Сырымбек Жәрдемұлы кеш иесіне «Жайық Пресс» ЖШС ұжымы атынан алғыс хат және қаржылай сыйлық (100 мың теңге) табыстады. Өз кезегінде кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан Руслан Өтегенұлы ізгі ниет-тілегін білдірді.

340092772_535506821995714_1295754898838610753_n

340116849_1289012468357421_5661471657136311986_n

Іс-шара барысында «Ағаларға сағыныш», «Әке», «Атамыз бен әжеміз», «Алау кездер – ән кездер», «Ұлыңмын мен, ауылым», «Көктем лебі», «Жалпақтал күні» атты Қыдыр Харесұлының сөзіне жазылған әндерді Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор Жаскелең Қайсағалиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайырханов, ақынның ұлы Дастан Абдрахманов, немерелері Жанарлым, Сыйлық, Нарұл Қыдырғали, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ақмарал Ахметова, әуесқой композитор Медеу Қуанышқалиев және әнші Бейімбет Дүйсенғалиев орындады.

339988481_1011421239821140_6209854406221224151_n

340085069_597561485618678_7280733142671549655_n

Кеш соңында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы директорының орынбасары Сәуия Темірова ақынға орталық басшысының құттықтау хаты мен естелік сыйлық табыс етті.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале