17.04.2023, 17:15
Оқылды: 9

Қарилардың құптарлық қадамы

Рамазан айы қарсаңында Шыңғырлау ауданына арнайы діни білімі бар қарилар арнайы келді. Олар бір ай бойы Шыңғырлау аспанын Құран аяттарымен нұрландырып, әдемі әуездерімен жұртшылықты тәнті етті. Сонымен қатар мешітке келген аудан тұрғындарымен хақ дін тұрғысында әңгіме өрбітіп, жат ағымдардан аулақ болуға, әсіресе жастардың сақ болуына үндеді.

1CBB51A9-E103-4310-93D7-379032223D62

Жанәбіл Райымбек пен Ерсұлтан Ибрайым екеуі де Алматы қаласындағы Көктөбе қарилық медресесін тәмамадаған. Ерсұлтан білімін Түрік елінің Стамбул қаласында толықтырса, ал Жанәбіл Египеттегі Кайр қаласында білім алып жатыр. Екі жас та алған білімдерін еліміздегі ислам дінін насихаттауға жұмсап, дін жолына бет бұрғандарға бағыт-бағдар беруге әзір екендіктерін айтады.

Енді, міне қарилардың ауданға келген ізгі ойлары жүзеге асып, кері қайтатын да уақыттары келді. Осыған орай аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова Жанәбіл мен Ерсұлтанды қабылдап, Рамазан айындағы сауапты істеріне шынайы алғыс сезімін білдіріп, алғысхат табыс етті.

«Тәуелсіз Қазақстанға сіздердей арнайы терең білімі бар жастар ауадай қажет, әсіресе жастарды жат ағымдардан аулақ болуға шақырып, бірлік пен елдікті мансұқтай жүріңіздер», - деген ойын жеткізіп, сәт сапар тіледі.

Г.Ибрагимқызы 
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале