7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Оралда «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» ұлттық спорт ойындардың біріншілігі ұйымдастырылады. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушылар ат жарысы, құнан жарысы және жамбы атудан сайысқа түседі.
Жарыс 7 мамыр, сағат: 10.00-де Деркөл кенті, Сарыарқа шағынауданында өтеді.