Бүгін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Меңеев Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келді.
Басқарма басшысына аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Жәнібек ауылындағы Ш.Мәжитов және Т.Әбдірахманов көшелеріндегі асфальт төсеу жұмыстарын (мердігер — «Ақтөбе Жарық» ЖШС), күрделі жөндеу жұмыстар жүріп жатқан 6 көшенің, соның ішінде Т.Әбдірахманов көшесіндегі учаскені (мердігер — «Қызылорда жолдары» ЖШС), Жәнібек — Талов — Кіші өзен автомобиль жолының 27-33 шақырымына орта жөндеу ( мердігер — «Тоби» ЖШС), Жәнібек — Талов — Кіші өзен автомобиль жолының 33-48 шақырымына орта жөндеу (мердігер — «Қызылорда жолдары» ЖШС) және Қамысты ауылына кіреберіс 0-14 шақырым автомобиль жолындағы күрделі жөндеу (мердігер — «Қызылорда жолдары» ЖШС) нысандары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары таныстырды.
Айдар Қазыбекұлы мердігерлерге нұсқама беріп, жол жөндеу жұмыстары бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар ол «Ақтөбе Жарық» ЖШС өкілімен серіктестіктің асфальт зауыты нысаны мен өндірістік алаңдағы жол жөндеуге жинақталған материалдарды көрді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz