Теректі ауданы Жаңа өмір ауылының тұрғыны бөтелкелесін өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Полиция қызметкерлері марқұмның денесінен қалған бөлшектерді екінші маусым күні тапқан. Ал оқиға 31 мамыр күні болғаны анықталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Қазақпарат сайтынан
Осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1961 жылы туған азамат ұсталды.
Мән-жайды нақтылау барысында күдікті мен марқұм ішімдік ішіп, кейін арасында жанжал туындағаны анықталды.
Кейін күдікті 1957 жылғы азаматқа пышақпен жарақат салып, салдарынан оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті жасаған әрекетін түсініп, дәлелді жою үшін үйінің ауласында денесін өртеп жіберген.
Туыстары жәбірленушіге іздеу салады. Өртенген мәйіттің қалдықтарын полиция күдіктінің ауласын тексеру кезінде тапқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп (Кісі өлтіру) жатыр.
zhaikpress.kz