18.07.2023, 15:00
Оқылды: 67

Батыс Қазақстан облысындағы ауыл атауы қазақшалануы мүмкін

Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданындағы Трекино ауылы Байқоңыс болып өзгертілуі мүмкін. «Ашық НҚА» порталында осы мәселеге қатысты қаулы шықты.

трекин

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округіне;

Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы – Байқоныс ауылына қайта аталсын.

2.Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, - делінген.

 

Жарияланған Қаулы 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Жоба 31 шілдеге дейін талқыланады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале