19.07.2023, 12:15
Оқылды: 68

Қазақстандық мерген 25 метрден оқ атуда әлем чемпионы атанды

Нысана көздеуден Ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.

defaeb2c-131e-40b0-af5d-44db4190d7a9

Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ. Жеңімпаздың бапкері - Рашид Юнусметов.

Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.

Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.

Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале