5.11.2026, 12:45
Оқылды: 0

Ақжайық ауданының әкімі мерейтой иелерін қабылдап, құттықтады

Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин 80 жасқа толған еңбек ардагері, Чапаев ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаби Қабисов пен 80 жасқа толған ардагер ұстаз Галина Питерскованы қабылдап, мерейтойларымен құттықтады.

e2fc24ae-b68d-4087-97db-f1199ccc4f9b

Кездесуде аудан басшысы қос мерейтой иесіне ұзақ жылғы адал еңбектері мен ауданның қоғамдық өміріне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар мерейтой иелеріне сый-сияпат табыстады.

61bb5bed-b74e-46f3-98ed-97a6143dcb50

Қаби Набиұлы ұзақ жыл ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында жауапты қызметтер атқарды. 2024 жылы оған «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Бүгінде ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға атсалысып келеді.

d840becf-0559-4bf8-8b16-866032c73abd

Ал Галина Ивановна 33 жыл ғұмырын білім беру саласына арнап, Бударин орта мектебінде жас ұрпаққа білім мен тәрбие берді. «Қазақ КСР білім беру ісінің үздігі» атанған ардагер ұстаз зейнетке шыққаннан кейін де ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.

7ddc1d59-f7a0-467e-b045-c2b7019a441d

Мерейтой иелері өздеріне көрсетілген құрметке риясыз көңілден алғыстарын айтты. Қабылдауда сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Маским Үмбеталиев, еңбек ардагерлері Бақтығали Қоспаев, аудандық ұстаздар ардагерлер ұйымының төрайымы Шәмшия Жиенбаева, Чапаев ауылдық округінің әкімі Бақтияр Карл, Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Мұсағалиев, Чапаев электор торабының басшысы Асқар Ахмедияров болып,  құттықтауларға қосылды.

 

Азамат Қанапия

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале