Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихатын өткізді.

Жұмагелді Жолдыбайұлы тікелей эфирде Сырым ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы баяндады.
Өңірдің даму көкжиегін инвестиция анықтайды. Ауданда 2026 жылдың басынан негізгі капиталға 14 млрд теңге инвестиция салынған. Оның ішінде жеке инвестициялар 11 805 млрд. теңгені құрайды.
Биыл Сырым ауданында шаруалардың техникалық паркі айтарлықтай жаңарған. Мемлекеттік қолдау тетіктері, соның ішінде лизингтік бағдарламалар арқылы 2026 жылдың есептік кезеңінде біздің далаға 69 жаңа ауылшаруашылық техникасы келген.
Жұмагелді Жолдыбайұлы мәлімдегендей, «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында Сырым ауданына 4 елді мекенге 5 отбасы көшіп келді. Оның ішінде 23 бала ауыл мектептерінің партасы отырды. Көшті Жамбыл, Көгеріс, Қызылағаш, Жырақұдық ауылдары қабылдады.
Сырым ауданы тұрғын үй мәселесін шешуде де ширақ. Жыл басынан бері 212 пәтер пайдалануға берілген.
Әкім кезекте тұрған мектеп жасына дейінгі 3-5 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесі ауданымызда 100% екенін атап өтті.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы