5.11.2026, 17:30
Оқылды: 0

Ақан Әбдуәлиев: «Астанада батыс өңірінің мәдениет күндері өтіп жатқандай...»

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясының «Атамекен» ерлер би ансамблінің «Би керуені» атты концертінен кейін Р.Бағланова атындағы «Qazaqconcert» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Әбдуалиев Бауыржан Ергенұлы бастаған филармония ұжымына және сахна сәнін келтіріп, би өнерінің бедерлі болмысын танытқан «Атамекен» ерлер би ансамбліне ақжарма тілегін арнады.

IMG_9318

Сондай-ақ өнер кешінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермен көңілінен шыққанын ерекше атап өтіп, «Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық академиялық филармониясы ұжымының Астанадағы концерттері – бір ғана өнер ұжымының гастрольдік сапары емес, тұтас Батыс өңірінің мәдениет күндері өтіп жатқандай әсер қалдырды», – деп жоғары бағасын берді.

IMG_9316

Өнерге көрсетілген осындай құрмет – шығармашылық ұжым үшін зор мәртебе, шабытқа толы серпін. Кеш иелеріне ізгі тілегін білдірген Ақан Әбдуалиев өнерпаздарға шығармашылық шабыт, толағай табыс пен жаңа белестерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

IMG_9319

Өз кезегінде Ақан Әбдуәлиев мекеме басшысына Құттықтау хат табыстаса, Бауыржан Ергенұлы да аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің Алғыс хатын және өз атынан Алғыс хат пен филармонияның өндірістік цехынан шыққан арнайы кәдесыйды тарту етті.
IMG_9321

Айжан Бауыржанқызы, 
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале