Батыс Қазақстан облысының ПД Көші-қон қызметі басқармасына сот шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының жеті азаматын мәжбүрлеп елден шығаруына тура келді.
БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны С. Трумовтың жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында «К» есімді Өзбекстан Республикасының азаматын Маңғыстау облысы Ақтау қаласы аумағынан тапты. Ол 2022 жылдың тамызынан бері Бөрлі аудандық сотының қаулысына сәйкес іздестірілген еді.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғандар «Тәжен» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылып, 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.
zhaikpress.kz