25.07.2023, 16:15
Оқылды: 103

Құқық бұзған шетелдіктерді елден мәжбүрлеп шығарды

Батыс Қазақстан облысының ПД Көші-қон қызметі басқармасына сот шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының жеті азаматын мәжбүрлеп  елден шығаруына тура келді.

WhatsApp Image 2023-07-25 at 15.32.21

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының инспекторы, полиция капитаны С. Трумовтың жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында «К» есімді Өзбекстан Республикасының азаматын Маңғыстау облысы Ақтау қаласы аумағынан тапты. Ол  2022 жылдың тамызынан бері Бөрлі аудандық сотының қаулысына сәйкес іздестірілген еді.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғандар «Тәжен» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылып, 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале