23.08.2023, 10:15
Оқылды: 64

Оралда мемлекеттік сатып алуға мониторинг курсы өтіп жатыр

Заңгер, облыстық қоғамдық кеңестің және мемқызмет әдеп кеңесінің мүшесі, «Әділдік жолы» РҚБ-ның БҚО филиалының өкілі Бауыржан Зәкиұлы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау курсын бастады.

99c7339e-6d16-46e6-8188-5d0ab2118b70

Заңгердің «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында өтіп жатқан дәрісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі құзырлы органдардың мамандары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, экобелсенділер, журналистер қатысып жатыр.

dcf0ed11-029f-49cd-b922-b08e75c8f0f9

Курстың ашылуында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті өкілі Ринат Мұратов «Әділдік жолы» РҚБ-ның БҚО филиалымен бірлесе жұмыс жасайтынын айтып, курсқа сәттілік тіледі.

257ab25d-c492-4ee1-b1ed-4adc7b8d6ab4

-Курста goszakup.gov.kz порталына талдау жүрізіп, мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуын бақылауды үйретеміз. «Әділдік жолы» РҚБ-ның БҚО филиалы мамандары 100 мекеменің 2 мыңнан астам мемсатып алу құжатын талдадық. 2022 жылы бюджетке 33,3 млн теңге, биыл 19,3 млн теңге қайтардық. Біздің сараптамаларымыз арқылы 79 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Оның 8-і қысқарса, қалған істер бойынша 71 тұлғаға 20,6 млн айыппұл салынды. Халықтың салығынан құралған бюджеттің тиімді жұмсалуын қадағалау, талап ету – қоғамдық бақылау. Курсты өткізудегі мақсатымыз – қоғамдық бақылаушыларды даярлау, қоғам белсенділеріне сауатты мониторинг жасауды үйрету, жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті жетілдіру, заңдарға ұсыныстар енгізу, - дейді Бауыржан Зәкиұлы.

Нұрлыбек Нұрланұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале