Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – тұтастық туы» атты тілдер фестивалі басталды.
Аталмыш фестиваль облыстың барлық аудандары мен ауылдарында өтеді деп жоспарланған. Жалпы тілдер күніне орай облыста 80-ге жуық шара өтеді деп күтілуде.
Жиын басында өңірге танымал ақындар тіл туралы шығармаларын оқыды.
Тіл фестиваліне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов тіл жанашырларын мерекемен құттықтады.
– Бүгінгі мереке – бейбітшілік пен келісімді насихаттаған еліміздің тарихындағы ерекше мереке. Өңірде қазақ тілін үйренгісі келетін өзге этнос өкілдері көбейіп келеді. Біздің басты жетістігіміз – үйлесім мен тыныштық орнаған қоғам. Мектептер мен балабақшалар 70% мемлекеттік тілде білім береді. Тіліміздің ұлтаралық, этносаралық достық пен қатынас тілі болатын кезі келді. Біз бәріміз осы бағытта жұмыс істей беруіміз керек, - деді Бақытжан Нарымбетов.
Салтанатты жиында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген белсенді азаматтар Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды.
Шара ән-күймен жалғасып жатыр.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz