Оралда «Қала күні-2023» мерекесіне орай кей жолдар уақытша жабылады. Бұл жөнінде Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«8 қыркүйек күні сағат 20.00-де Тұңғыш Президент алаңында «Қала күні-2023» мерекесіне орай гала-концерт өтеді.
Мерекелік концерттің дайындық жұмыстарына байланысты Қазыбек би көшесі, Әбілқайыр хан даңғылынан Әйтеке би көшесіне дейінгі бөлік бүгін 00.00-ден бастап уақытша жабылады.
8 қыркүйек күні қалалық №1, №2, №22, № 4, №5 маршруттар сағат 00:00-ге дейін жүреді. Ал бұдан өзге маршруттар қала ішінде сағат 22.00-ге дейін қатынайтын болады», делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, гала-концертке келушілер үшін автотұрақтар төмендегі мекенжайлар бойынша ұйымдастырылмақ:
1. «Теннис орталығының» алды және артында орналасқан автотұрақтар
2. Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің алдында
3. Қалалық көпбейінді аурухананың алдында
4. «Салтанат сарайының» алдында
5. «Қадыр Мырза Әлі» атындағы өнер орталығының алдында.
zhaikpress.kz