Дәл қазір қаладағы Сырым Датов көшесі бойына шыршалар егілуде. Шараға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, қала әкімі Миржан Сатқанов және көше тұрғындары қатысып жатыр.
– Қала күні мерекесіне орай ағаш егу шаралары жүріп жатыр. Біз негізінен көктем мен күзде ағаш егеміз. Кешелі-бері С.Датов көшесі бойында шырша егіп жатырмыз. Бұл көше өте маңызды көшелердің бірі, - деді қалалық ТҮКШ-нің басшысы Азамат Халелов.
Ал Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қалаға жылына 5-6 мың түп ағаш отырғызылатынын айтты.
– Біздің қала – жасыл қала деген атты сақтап қалу маңызды. Мына алаң жаңадан ашылды. Демеушілердің көмегімен шыршаларды Ресейден алып отырғызып жатырмыз. Қала адамдарына демалып, серуендеу үшін жағдай жасауды жалғастыра береміз, - деді ол.
zhaikpress.kz