8.09.2023, 16:45
Оқылды: 15

БҚО-да самбодан Әлем чемпионаты басталды

Дәл қазір қаладағы Мұз спорт сарайында самбо күресінен спорт шеберлері арасында Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтуде.

D50A93AF-0958-4B9E-ABBE-5F3D141909D3

Айта кетейік, бұған дейін 08-10 қыркүйек күндері өтетін Әлем чемпионатына біздің елдің спортшыларынан бөлек, Франция, Болгария, Қырғызстан, Моңғолия, Молдовия, Грузия, Армения, Жапония, FIAS (Ресей мен Белорусь елдері халықаралық самбо федерациясының туы астында өнер көрсетеді) және Германия елінен келген 542 ардагер палуандар қатысатынын хабарлаған едік.

Қала күнімен тұспа-тұс өтіп жатқан жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, ардагер спортшыларға сәттілік тіледі.

F2CC7067-6248-4F23-A74D-6D75D632B36D

– Құрметті ағайын, самбо күресінің кіші мектебіне айналған Орал қаласының туған күні құтты болсын. Біздің қонақжай халқымыз, Ақжайық өңірі бүгін 600-ден астам самбо күресінің шеберлерін қарсылап жатыр. Бәріңіз де қасиетті Ақжайыққа қош келдіңіздер! Самбо күресінен оралдықтардың жеткен жетістігі аз емес. Біздің спортшыларымыздың аты тарихта жазылып жатыр. Өз мықтыларымызбен мақтанамыз. Бүгінгі чемпионаттың жұмысына тек сәттілік тілеймін, - деді Бақытжан Хаберұлы.

C95874A2-D268-4D79-A946-DD3BAA789020

Бүгін яғни, жарыстың алғашқы күні боз кілемде 55-59, 60-64 жас аралығындағы және 65 жастан асқан спорт шеберлері бақ сынауда.

Ертең 45-49, 50-54 жас аралығындағы спортшылар арасында жарыс өтеді. Ал 10 қыркүйек, жексенбі күні 35-39 және 40-44 жастағы спортшылар күреседі.

86F77642-9297-41B7-A8C3-6FFD530233DD

Сонымен қатар салтанатты жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан спортшыларға сәттілік тіледі.

– Спорт – жастарды тәрбиелеудегі таптырмас құрал. Самбо – күрестің бір түрі. Біз өмірде қиындықты женген адамдарды күрескер дейміз. «Күрес» сөзі мен «күрескер» сөзінің мәні бір. Біздің спортшыларымыз да жолда кездескен қиындыққа мойымай, күресіп келеді. Жастарына қарамай спортты тастамай жүрген ағаларымыз жастарға үлгі болу керек, - деді ол.

Бүгінгі самбодан Әлем чемпионатын елімізге танымал самбошы Мүсілім Оңдағанов ұйымдастыруда. Айта кетейік, ол істі болып жазасын өтеп шыққан еді.

Шарада спорт саласының ардагерлері: «Біздің облыста соңғы он жылда мұндай ірі әлемдік чемпионаттар өтпей, тұралап қалып еді. Мүсілім өңірдегі самбо күресіне жан бітіретін болды» десті.

Бүгінгі чемпионаттың дүбірі бүкіл әлемді шарлап жатыр.

Бұл туралы ҚР Самбо федерациясының Президенті Айдос Ақжанов та атап өтті.

– Соңғы 10 жылда бір-бірін көрмеген спорт шеберлері көрісіп, қуанып жатыр. Жарыстың ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Бүгін чемпионат өтіп жатқан Орал төрі – самбоның мектебі қалыптасқан жер. Бұл жерде Мүсілім Оңдағановтай азаматтар барда спорт жасай береді, - деді.

Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале