13.09.2023, 16:30
Оқылды: 64

Бөкейордалық жастарды не толғандырады?

Жастарды жан-жақты қолдау үшін не істеу керек? Осы және өзге де мәселелерді талқылап, жергілікті жастардың жай-күйін зерттеу мақсатында Бөкей ордасы ауданына БҚО бойынша «Болашақ» КҚ директоры Салтанат Тұманбаева,  «Amanat» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов, Орал қаласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дулат Жүсіпқалиев бастаған жұмыс тобы келді.

975BF29B-CA6C-4EBA-A148-1B82F7558FB7

Жиынға қатысқан мектеп шәкірттері мен жастар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мәселен, шәкірттер ауылда спортқа көбірек көңіл бөлінсе дейді. Әсіресе, бокс, футбол, жүгіруге арналған қажетті құрал-жабдықтар қолжетімді болса деген тілектерін жасырмады. Баскетбол ойынына қызығатын жастар да арнайы алаң салынса десе, хореографияға ден қойғандары дәстүрлі би фестивалін, ауыл жастарының белсенділігін арттыру үшін жайдарман ойындары, тарихи экспедициялар жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын да жеткізді.

92167F90-8DE8-465A-BFA0-299946D0E3AB

Енді бірі мектепте буллингтің көріністері байқалатынын, ағылшын тілін үйрететін сапалы курстың жоқтығын айтты. Кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушылары да еңбекке араласып, нәпақа тапқысы келетіндерін жасырмады. Шара соңында облыстан келген қонақтар жастардың айтқан әр ұсыныс-тілектері, көтерген өзекті мәселелері  назарсыз қалмайтынын және жастарды әркез  қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Арайлым Фарит

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале