18.09.2023, 15:45
Оқылды: 7

Жәнібекте бильярдтан аудандық турнир өтті

Жәнібек ауданы орталығындағы «Әлем» мейрамханасында бильярд ойынынан аудандық турнир өтті.

3362DFAC-9890-4FDD-8763-1AA653F3B70C

Ойынның ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Тахир Қадимов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әрмен қарай жарыс жекелей және жұптық ойындармен ұласты.

Нәтижесінде, жекелей есеп бойынша І орынды Бисен Қалжиков, ІІ орынды Сейфолла Сикенов және ІІІ орынды Сағыныш Сатыбалдиев алды.

Жұптық есеп бойынша бірінші орынды Сейфолла Сикенов пен Айбек Исалиев алса, екінші орынды Бисен Қалжиков пен Мүслім Биғалиев иеленді.

Үшінші орыннан Манарбек Малаев пен Захат Хамиев көрінді.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале