20.09.2023, 12:00
Оқылды: 89

Қара бетперде таққан жігіт қарындасының еміне ақша жинаған 13 жастағы баланың отбасына пәтер сыйлады

Қара бетперде таққан жігіт қарындасының еміне қаражат жинаған 13 жастағы баланың отбасына пәтер сыйлады.

3C39E1E9-F3EE-4A2B-B881-964FB5008103

Сурет: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде 13 жастағы жігіттің видеосы тараған. Ол туған қарындасының еміне ақша жинауға көмек сұраған. Өзі бала болса да, егістікте жұмыс істеп, отбасын асырайды. Жуырда халықтың қолдауымен ақша жиналған.

Олар Түркияда отаны сәтті жасатып, емделіп, елге оралған. Алайда қара бетперде таққан жігіт бұл отбасының тағы бір арманын орындағысы келетінін айтты. 

«Менің кішкентай қарындасыма көмектескендеріңізге рақмет. Қазір ол ойнап-күліп, жүгіріп, көшеде балалармен ойнап жүр», - дейді 13 жастағы жігіт.

Осы кезде қара бетперде таққан жігіт балаға тағы бір конвертті ұстады. Бұл пәтердің кілті еді.

Мұны көргенде анасы да, баласы да қуаныштан жылап жібереді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале