29.09.2023, 15:45
Оқылды: 85

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Дәл қазір шаһардағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтуде.

Достық 2

Осыған дейін Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы форуммен басталып, онда рухани-адамгершілік тәрбие бағыты талқыланып, өңірлік кеңестердің қызметі өз тәжірибелерімен бөліскенін жазған едік.

Пленарлық отырысқа БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Дяк, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нүрия Ниязова, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Қайрат Үмбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи және өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, психологтар, қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысуда.

E6A1932B-E6ED-49C6-BC78-BF4191BA141F

«Орал қаласында екі күн бойы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында түрлі шаралар өтуде. Жалпы қазіргі уақытта Аналар кеңесі ауыл, аудан, қала деңгейінде жұмыс жасап жатыр. Бұл – үлкен күш. Біздің басқа ұйымдардан айырмашылығымыз – өз еркімізбен бас қосып, тек қана саналы ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жұмыс атқаруымыз. Осы бағытта аянбай қызмет етіп жүрген аналарымыздың барлығына алғысымды білдіремін», - деді отырысты бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи.

Достық 3

Жиын барысында Аналар кеңесінің белсенді мүшелеріне «Ел анасы», «Аялы алақан» номинациялары, «Алғыс» төсбелгісі тапсырылады.

Айта өтейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі өз қызметін 2013 жылы бастады.

Достық 1

Қазір елдің барлық өңірінде 1 712 Аналар кеңесі бар.

Оның активі 14 000-нан астам адамды құрайды.

Достық 4

Кеңес отбасы институтын сақтау мен нығайту жолында, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ажырасудың санын азайтуда, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Гүлмира Сарсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале