Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің құрама командалары арасындағы волейбол турнирі басталды.
Жәңгір хан университетінің 60 жылдығына арналған жарыстың ашылу салтанатында сөз алған тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов Ақ Жайыққа келген командалар мен қатысушыларға басқарма басшылығы атынан ыстық ықыласын білдіріп, сәттілік тіледі.
- Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов университет ұжымын 60 жылдық мерейтойларымен құттықтап:
– Оралға өзге облыстардан келген командаларға алғыс білдіреміз. Біз өз тарапымыздан осындай спорттық іс-шараларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Жарыстың жақсы деңгейде өтуіне тілекшіміз, – деді.
Өз кезегінде БҚО бойынша волейболдан аға жаттықтырушы Сергей Казак облысымыздағы волейбол федерациясы атынан ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ «Жайық» волейбол клубы атынан БҚАТУ-ға волейбол доптарын сыйлады.
Турнирге С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті командалары қатысып, шеберліктерін сынға салып жатыр.
Волейбол турнирі 8 қазанға дейін жалғасады.
БҚАТУ медиа орталығы