БҚО полиция департаментінің жеке құрамы бүгін яғни, 23 қазан сағат таңғы 9:00-ден бастап күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- 25 қазан Республика күні мерекесіне орай облыс аумағында қоғамдағы тәртіпті қадағалау мақсатында полиция департаментінің жеке құрамы 23 қазан таңғы 9:00-ден бастап 26 қазан кешкі 21:00-ге дейін күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істейді. Адам көп шоғырланатын қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалауға жеке құрам түгел жұмылдырылады, - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
zhaikpress.kz