23.10.2023, 10:45
Оқылды: 86

БҚО полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

БҚО полиция департаментінің жеке құрамы бүгін яғни, 23 қазан сағат таңғы 9:00-ден бастап күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

полиция жп 1

- 25 қазан Республика күні мерекесіне орай облыс аумағында қоғамдағы тәртіпті қадағалау мақсатында полиция департаментінің жеке құрамы 23 қазан таңғы 9:00-ден бастап 26 қазан кешкі 21:00-ге дейін күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істейді. Адам көп шоғырланатын қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалауға жеке құрам түгел жұмылдырылады, -  деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале