Батысқазақстандық Марьям Сәлімгереева пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл туралы біздің редакцияға БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубтың директоры Әскербек Нұрмұханов хабарлады.
Марьям Магомедсаидовна 1998 жылдың 13 наурызында Ресей Федерациясының Дағыстанн Республикасы Каспийск қаласында дүниеге келген.
2021 жылы отбасы жағдайымен Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласына қоныс аударған. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ербол Мергалиевтен тәлім алып жүр.
Ханчжоуда өтіп жатқан IV жазғы пара Азия ойындарында паратаеквондодан 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлдеге ие болды.
zhaikpress.kz