Осыған дейін Қаратөбе ауданында 8 780 дауыс беруші тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.
Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №277 сайлау учаскесінде
ең егде сайлаушы - 98 жастағы кейуана Назима Мырзагереева дауыс берді.
- Мен бүгін сайлауға келіп, дауысымды бердім. Сенім артқан азаматтың қызметіне сәттілік тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді кейуана.
Назима әжейге естелік сыйлық тарту етілді.
Ясипа Рабаева,
zhaikpress.kz