5.11.2023, 7:28
Оқылды: 65

Қаратөбеде тоғыз мыңға жуық дауыс беруші тіркелген

Бүгін Қаратөбе ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де барлық сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Пилоттық режімде өтетін сайлау барысында лауазым иесі тікелей жергілікті халықтың дауыс беруі арқылы сайланады.

к сайлауы (2)
Аудан әкімі лауазымына үш кандидат тіркелді. Бәрі ауданда тұратын ер азамат. Олардың біреуі "AMANAT" партиясының атынан тіркелсе, екеуі өзін-өзі ұсынған. Сонымен қатар үміткерлердің 95 сенім білдірген адамы тіркелген. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалиевтің мәліметінше, ауданда 19 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бұл учаскелердің барлығы мектептерде орналасқан. Нысанда мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі сайлауға 8 780 дауыс беруші тіркелген. Олардың ішінде 421-і мүгедектігі бар адам. Ал 59-ы ерекше көмекті қажет етеді.

к сайлауы (3)
Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №277 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде 1 502 сайлаушы тіркелген. 1517 бюллетень алынған.

к сайлауы (4)

Осы сайлау учаскесінің төрағасы Берікжан Гарапшиевтің айтуынша, қазірге 10 шақты байқаушы тіркелген.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале