Мемлекет бала өсуінің барлық кезеңінде отбасыларды қолдап келеді. Халықтың осал топтары үшін түрлі жәрдемақы қарастырылған. Отбасының цифрлық картасы енгізілді. «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы іске асыруға дайындалуда. Бұл шаралар балалардың әл-ауқатын нығайтуға және ананы қорғауға бағытталған.
Фото: aikyn.kz
Жалпы отбасылық саясаттың ұлттық моделі отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, үлкендерге құрмет, жауапкершілік, патриотизм қалыптастыруға негізделген. Өз кезегінде мемлекет балалары бар отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Бұл ретте материалдық көмек көрсету, түрлі жеңілдіктер беру, демографиялық ахуалды жақсарту бойынша түрлі институт құру, сондай-ақ халықты қолдау жөніндегі өзге де бағдарламалар жүргізу арқылы халықтың әр түрлі тобына жан-жақты қолдау көрсетуді бөліп көрсеткен жөн.
Отбасының цифрлық картасын енгізудің арқасында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 651 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсету үшін SMS алды. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 249 мыңнан астам адам пайдаланды. Қазіргі уақытта ОКЖ мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақы мен әлеуметтік төлемнің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көп балалы отбасыларға жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге біржолғы төлем.
Тұрғын үй және білім берумен қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларға инвестициялық кірістің 50%-ын төлеу жөніндегі "Ұлттық қор – балаларға" жобасына сәйкес 18 жасқа дейінгі балаларға жинақтау және төлем тетіктерін іске асыру регламенті әзірленді және бекітілді. "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын іске қосу 2024 жылғы 1 қаңтарға жоспарланған.
ҚР Әлеуметтік кодексі шеңберінде 2023 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мынадай түрлерінің мөлшері орта есеппен 14,5%-ға өсті:
Осылайша жоғарыда аталған жәрдемақы түрлерінің 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғаюы қамтамасыз етілді (биыл 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуді ескере отырып). Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 37 млрд теңге бөлінді.
Сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақылар көтерілді:
Сонымен қатар биыл 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға артты.
Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады. Олардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға арттырылды.
"Келешек" бірыңғай ортақ білім беру жинақтау жүйесінің бағдарламасы әзірленді. Онда сараланған грант пен жеңілдікті білім беру кредиттері интеграцияланады.
"Келешек" бағдарламасына сәйкес мемлекет 5 жастағы балаларға 60 АЕК-ке бастапқы капиталды, одан кейін ата-анасынан ай сайынғы жарналарды және инвестициялық табыстан кепілдендірілген сыйлықақыны енгізеді. Оқуға жиналған сомадан асқан кезде баланың таңдау мүмкіндігі болады. Магистратураға ақы төлеуге ақша қалдыру, жинақтарды бауырына/қарындасына беру немесе өз қажеттіліктеріне жұмсау (көлік, пәтер сатып алу және т.б.). Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бастаманы іске асыру туралы заң жобасы әзірленіп, қол қоюына жіберілді. Сондай-ақ іске асыру шеңберінде қаржы министрлігі мен ҚР ҒЖБМ жобасының тетіктері әзірленді.
Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қамтамасыз ету мақсатында 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін оқыту орны бойынша тегін тамақтануды, қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруді, мектеп киімімен және керек-жарақтарымен қамтамасыз етуді, мектеп жасына дейінгі балалар үшін - азық-түлік жиынтықтары және гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етуді көздейтін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.
Мектепке дейінгі білім беру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 2022 жылы 39 мың жаңа орынға арналған 458 балабақша іске қосылды. Сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың 93%-ы оқытуға мемлекеттік тапсырыс алды. Нәтижесінде 2-6 жастағы балаларды қамту 89,4%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамту 99,4%-ға өсті.
Сыйымдылығы шағын үйлерді ашу, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған курорттық-санаторлық емдеу бойынша пилоттық жобаларды іске асыру басталды. Мұндай үйлерді құру әлеуметтік кодексте белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде көзделген. Осылайша жан басына қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтары монополиясыздандырылады. Ашылу мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде өткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді.
Балаларды тексеру және оларға кеңес беру, ерекше білім беру қажеттіліктері мен білім алудың ерекше шарттарын бағалау, білім беру бағдарламасын анықтау, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) ұйымдары ашылды.
2023 жылғы қаңтардағы мәліметке сүйенсек, 460-тан астам арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. Бұл 44 арнайы балабақша, 99 арнайы мектеп, 92 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 208 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК), 14 оңалту орталығы, 10 autism-орталық. Сондай-ақ мектептерде 640-тан астам инклюзияны қолдау кабинеті және 1600-ден астам логопедиялық пункт жұмыс істейді.
Балалардың спорт секциялары мен үйірмелерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың қорытындысы бойынша еліміз бойынша 2 миллионан астам баланы қамтитын мектептер мен қосымша білім беру ұйымдары жанынан 158,1 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде 76,3 мың секция, оның ішінде жалпы білім беретін мектептер жанынан.
Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтарын қамтамасыз ету шеңберінде балалар арасында туындайтын проблемаларды жүйелі шешу мақсатында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді.
Оқушылар арасында үлгерімді ынталандыру мақсатында "Halyk" банкі мен "Sulpak" ЖШС "Күнделік (Kundelik)" жүйесінде жоғары бағалары үшін оқушыларды материалдық ынталандыру бағдарламасын іске қосты.
Сондай-ақ мемлекет кәмелетке толмаған адамдарды жұмысқа орналастыру рәсімін реттеу бойынша шаралар жүргізді. Кәмелетке толмаған қызметкерлермен жасалатын еңбек шартында жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы көзделеді. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспайды, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды. Бұл ретте он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді жұмыс уақытының жиынтық есебін (үстеме жұмыс уақытын) пайдалана отырып жұмысқа тартуға жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңның 16-бабына сәйкес әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар.
Ел Президенті жанында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, өңірлерде – тиісті консультативтік-кеңесші органдар қызметін жүзеге асырады. Бұл белгілі қоғам қайраткерлерінен тұратын және саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысатын консультативтік-кеңесші орган. Комиссия өз қызметінде экономика саласында әйелдер мен ерлердің тең мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын жақсарту, отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты жою және ерлер, әйелдер және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресудегі халықаралық тәжірибені енгізуге жәрдемдеседі.