4.01.2024, 17:27
Оқылды: 57

БҚО-да ұстаздар басқосты

Бүгін БҚО білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзыреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту мен білім сапасын арттыруда тәжірибе алмасу мақсатында Оралдағы№37 мектепте «Топ-трансформер: мектепті басқарудағы маңызды қадамдар» тақырыбында ашық микрофон өткізілді.

a456f8ae-123b-4f8a-a90d-7a8d8c29217a

Ашық микрофонға аудандық, қалалық білім беру бөлімінің басшылары, мектеп директорлары мен бастауыш мектеп меңгерушілері қатысты.

d24aae2e-6f89-41b4-bb8e-47fe22cc2efc

Семинардың бірінші күні «Білім беру ұйымының терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі жұмысын ұйымдастыру», «Komek Stop Bulling» жобасының нәтижесі және 2024 жылға жоспар», «Цифрлық ресурс: Білім сапасына бағытталған жұмыс», «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері», «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «2024 жылғы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру», «2023 жылғы облыстың жалпы білім беретін оқу орындарындағы діни экстремизмді алдын алу бағытындағы жүргізілген жұмыстың жай-күйі туралы», «Білім мекемелеріндегі мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру мәселелері», «Ұлттық деректер базасымен жұмыс», «TopIQ.kz электрондық оқулық Web-платформасының мүмкіндіктері» тақырыптарында мәселелер қозғалып, өзгерістер таныстырылды.

Спикерлер семинарға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.

БҚО білім

басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале